Журнал атауы: “SOCIAL SCIENCES & DIGITAL HUMANITIES” (SSDH)
Журналдың мақсаты: әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы пәнаралық ғылыми диалог үшін кәсіби коммуникациялық кеңістікті дамыту, бұл экономикалық қызметті, қоғамдық қатынастарды, мәдени процестерді терең түсінуге және тұрақты дамуға қол жеткізуге ықпал етеді.
Журналдың міндеттері:
Әлеуметтік-гуманитарлық және пәнаралық зерттеулердің іргелі және қолданбалы инновациялық бағыттарын қолдау және ілгерілету үшін қолайлы ақпараттық орта қалыптастыру, бұл экономикалық қызметті, қоғамдық қатынастарды, мәдени процестерді терең түсінуге және тұрақты дамуға қол жеткізуге ықпал етеді.
Әлеуметтік және цифрлық гуманитарлық ғылымдар саласындағы ғалымдардың өзекті зерттеу нәтижелерін ғылыми қауымдастыққа ұсыну, сондай-ақ ашық пікірталас алаңын құру.
Ғылыми мақалалардың жариялану мәдениетін және рецензиялау сапасын арттыру.
Ғылыми мақалаларға толық мәтінді қолжетімділікті қамтамасыз ету, ақпаратқа қолжетімділікті және жарияланым ашықтығын арттыру, зерттеу нәтижелерінің дәйексөзделуін қамтамасыз ету.
Жариялау тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Мерзімділігі: жылына 4 рет (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан).
Иесі: «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Тақырыптық бағыты:
экономика және бизнес;
демография және социология;
тарих және археология;
пәнаралық әлеуметтік және гуманитарлық зерттеулер.
Таралу аймағы: Қазақстан Республикасы және шетел мемлекеттері.
Басылым форматы: баспа және электрондық нұсқалар (print және online).
Рецензиялау түрі: қос «соқыр» рецензиялау.
Мазмұнға қойылатын талаптар:
Шетелдік авторлардың мақалалары, сондай-ақ журнал бөлімдеріндегі ағылшын тіліндегі мақалалар әр нөмірдегі жарияланымдардың кемінде үштен бірін немесе қазақстандық авторлықсыз ағылшын тілінде бір шетелдік автордың мақаласын құрауы тиіс.
Баспаға қатысы жоқ авторлардың ғылыми мақалалары әр нөмірдегі жарияланымдардың кемінде 50%-ын құрауы тиіс.
Бір нөмірде автор бір ғана мақаланы, соавторлықты қоса алғанда, жариялай алады.
Бір мақаланың авторларының саны 5 адамнан аспауы тиіс (археология бағытынан басқа).
Бір автордың екі рет қатарынан жариялануына жол берілмейді.
Авторлық құқық: авторлар өз еңбегіне авторлық құқықты сақтайды, бірақ ғылыми өнімді жариялау, көшіру және тарату құқығын Баспаға береді.
Этикалық қадағалау: баспа COPE-тің этикалық қадағалау саясатын қатаң ұстанады. Барлық редакциялық процесс бас редактордың бақылауымен жүзеге асырылады. Этикалық нормаларды бұзу белгілері бар кез келген қолжазба, оның ішінде алаяқтық, плагиат және көп мәртелік жіберу, келесі редакциялық кезеңге жіберілмейді. Қатаң редакциялау процесі мақаланы жариялау туралы ең әділ және объективті шешімді қамтамасыз етеді.
Мұрағаттау және қолжетімділік: мақалаларды қабылдау журналдың сайтында “SOCIAL SCIENCES & DIGITAL HUMANITIES” көрсетілген Авторлар үшін ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. Мақалалардың электрондық нұсқалары журнал сайтындағы “Мұрағат” бөлімінде сақталады. Редакциялық алқа мұрағаттың сақталуын қамтамасыз етеді және жарияланған мақалалардың толық мәтініне немесе аннотацияларына ашық қол жеткізу құқығын өзінде қалдырады.
Құпиялылық: журналға жіберілген кез келген қолжазба құпия материал ретінде қарастырылады. Қолжазбалар бастапқы іріктеу, рецензиялау, өңдеу және жариялауға дайындау процесіне қатысатын редакция қызметкерлерінен, рецензенттерден және редакторлардан басқа ешкімге жарияланбайды.
Арнайы шығарылым: редакциялық алқа журналдың тақырыптық бағыттарының бірі бойынша арнайы шығарылымдар жариялауға құқылы. Бұл белгілі бір ғылым саласындағы зерттеушілерге ғылыми нәтижелерді тезірек табуға және дәйексөздеуге, академиялық алмасуды ынталандыруға, әлеуметтік және гуманитарлық білім саласындағы өзекті ғылыми жетістіктерді тиімді зерттеуге және енгізуге мүмкіндік береді. Арнайы шығарылымды жариялау үшін шақырылған редакторлар тартылуы мүмкін.
Жарнамалық саясат: барлық жарнамалар баспаның мақұлдауынан өтуі тиіс. Жарнамалар жарияланатын елдің заңнамасына сәйкес келуі керек. Жарнама журнал мазмұнына немесе редакциялық шешімдерге әсер етпеуі тиіс.